Спорт

Волейболшылар жарысы жалғасуда

 

8 қаңтарда өткен екінші турдың алғашқы кездесуінде жерлес спортшыларымыз өз алаңында Орал қаласына есе жіберіп алған еді. Бұл жолы “Есіл” атыраулық қонақтарға үстемдік құруға жол бермеді. Алғашқы сәттен-ақ, тәжірибелі қарсыласпен тартысқа түсу қиынға соқса да, есілдіктер ойын алаңында тактика жағынан азырақ қате жіберуге тырысып, тізгінді өз қолдарына ала білді. Нәтижесінде, ширақ қозғалған алаң иелері 1-ші партияда 33 гол соғып, қарсыластарын 2 ұпайға артқа тастады.

Чемпионатқа ат салысқан командалардың арасында біздің құрама ең жасы. Ал жерлестеріміздің қарсыластары Оралдың «Конденсант-Жайық мұнайы» мен Атырау командалары чемпиондар қатарында, бірнеше додаларда кубоктарды қанжығаларына басқан. Дегенмен жанкүйерлер алаң иелері жеңісті қолдан бермейді деген үмітте.

 

– Біздің команда бірінші ойынды 33/31-мен жеңіп жатыр. Жас команда ғой. Тәжірибесі бар командалармен қатар оңды ойын көрсетіп жатыр. “Есіл” кұрамасы жеңеді деп отырмыз. Соны көру міне қаншама жанкүйер келді.

-Осындай ауқымды турнирдің біздің өңірімізде өтіп жатқаны мені қуантады. Осы залға лық толып отырған жанкүйерлердің барлығы “Есіл” құрамасын қолдау үшін келіп отырмыз. Өйткені, біз жерлестерімізді ұлттық құрама сапына кіруге лайық деп санаймыз.

 

Әзірге петропавлдықтар 9 ұпаймен чемпионат турнирінің 6-шы сатысынан көрінуде. Сондықтан әр ұпай ауадай қажет. Әсіресе, ойынның соңғы сәті қыза түсті, өйткені, атыраулық қарсыластар жерлестеріміздің жас та болса осал емес екендіктерін сезсе керек.

Осылайша 3:0 есебімен қонақтарды айқын басымдықпен жеңген алаң иелері әлі ұпай еселеудің бар амалдарын қарастырып жатыр. Есілдіктердің алда үшінші кездесуі бар. Онда жерлестеріміз Хромтау қаласының волейболшыларымен тартысқа түспек. Егер жергілікті ойыншылар қарсыластарын 3:0 не 3:1 есебімен жеңсе, турнир кестесі бойынша тағы жоғары көтеріледі.

 

Берік Қасен