Аптадағы маңызды жаңалықтар

Ұстаздар білім беру саласындағы инновацияларды талқылады

 

Облысымызға жұмыс сапарымен келген «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы  Күләш Шәмшидинова ең алдымен Петропавлда құрылысы жүргізіліп жатқан жаңа мектеппен танысқан. Химия-биология бағытында білім беретін оқу ордасы көп ұзамай есігін айқара ашпақ. Бұл мектепте шәкірттер тегін білім алады. Оқушылар 7-сыныпқа арнайы сынақтан өтіп, қабылданбақшы.

 

Күләш Шәмшидинова, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы:

-Бұл оқушылардың білімін тексеретін тесттер бар. Ол Американдық университтеттермен бірлесіп жасалған. Мектеп химия-биология бағытындағы білім беретін оқу орны болғандықтан, балалар ағылшын, химия, биология, қазақ тілдерінен емтихан тапсырады.

 

Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі оқу бағдарламасының ерекшелігі – балаларды біліктілікке жетелеуінде. Яғни, оқушылар мектеп қабырғасында алған білімін келешекте ел қамы үшін пайдалана алуы шарт. Сондықтан Назарбаев зияткерлік мектептерінде дәріс оқитын ұстаздар қауымы белгіленген талаптарға сай болуы үшін педагог кадрлар да іріктеуден өтеді.

 

Күләш Шәмшидинова,«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы:

-Мамандар да арнайы конкурстан өтеді. Шетелден мамандар тартылып, олар озық білім беру жүйесімен балаларды оқытатын болдаы.

 

Қазіргі таңда өңіріміздегі 2 мектепте Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесі енгізілген.

 

Мағжан Ахмадина