Қоғам

Қаңтардан бастап зейнетақы 9 пайызға көбейді

 

Жылқы жылы әкелген жақсы жаңалықтардың бірі – зейнетақы мөлшерінің 9 пайызға өсуі. Ендігі кезекте қарттарымыз алатын ең төменгі зейнетақы – 20 782 теңгені құрамақ. Ал базалық зейнетақы төлемі 9 983 теңге болып тағайындалды.

 

Арай Нұғыманова, СҚО бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің бөлім басшысы:

-АЕК- тің өсіуіне байланысты тағайындалатын жәрдемақы мөлшерлері де өсті. Зейнетақы төлемін есептеу барысында қолданылатын максималды табыс 2014 жылда 72228 теңге көлемінде болады.

 

Өңірімізде бүгінгі таңда 93 мыңнан астам зейнетақы алатын жан бар. Ақша қосылады дегенді естіп, демалыстан кейінгі алғашқы жұмыс күндері-ақ олар зейнетақыларын алуға асығуда.

 

Ғазиза Әлімова, зейнеткер:

– Бұрын 64 мың алатынмын, енді жаңа жылдан бастап 70 мың қылыпты. Жаңа алдым, қуанып қалдым.

 

Алайда, зейнеткерлер ендігі кезекте азық-түлік пен коммуналдық қызметтердің құны өсіп кетпесе екен деп отыр.

 

– Бұрын 60 мың алатынмын. Енді жаңа жылда қосқан қаржымен 65 мың көлемінде зейнетақы аламын деген ойдамын. Өте қуаныштымын.Осыған да қанағат деймін.)

–  Алатыным ең аз зейнетақы мөлшері. Әрине ақша қосатыны жақсы. Бірақ қосылған қаржымен бірге коммуналдық төлемдердің өсуі де жағдайды қиындатады.

 

Зейнетақымен қоса, басқа әлеуметтік төлемдердің сомасы да өсіп отыр. Еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылған жандарға тағайындалған төлемдер мөлшері 7 пайызға артты.

 

Мағжан Ахмадина