Құқық қорғау органдары

Мереке күндері Петропавлда 90-ға жуық қылмыс тіркелді

 

 

Жедел басқару орталығының қоғамдық тәртіптің сақталуын бақылауда және жылдам әрекет етуде пайдасы зор дейді полиция қызметкерлері. Мәселен, көшедегі бейнекамералардың көмегімен өткен жылы 10 мыңға жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықталған екен. Оның 6 мыңнан астамы жол жүру ережесін бұзуға қатысты. Әсіресе, жаңажылдық демалыстарда қауіпсіздік ерекше қадағаланады. Өйткені, мереке деп алкогольдік сусын ішетіндердің көбейетіні жасырын емес. Ал, мас адамның бірнәрсе бүлдірмесіне кепіл жоқ.

 

Дәулет Теміров, Петропавл қаласы ІІБ жедел басқару орталығының басшысы:

-Ауыр қылмыстар болған жоқ. Жұмысымыз қаңтардың 2-сінен 3-не қараған түні күшейді. Өйткені, осы аралықта отбасылық жанжалдар жиілеп кетті.

 

Мереке күндері қолға түскен маскүнемдер өз мекен жайын айтуға шамасы жетпеген жағдайда ауруханаға жеткізіліп отырған. Желтоқсанның 31-і мен қаңтардың 5-сі аралығында тіркелген қылмыстардың басым бөлігі – мүлік ұрлығы. 89 қылмыстың 63-і сол күндері ашылыпты.

Бір қызығы, заңбұзушылықтардың барлығын бұзақылар мас күйінде жасаған.

 

Данаш Хамзина