Өнеркәсіп

Кәсіпкерлікті дамытуға 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

 

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту. Осы тұрғыда елімізде 2010 жылдан бастап “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасы қолға алынды. Оның шарапатын теріскей кәсіпкерлері де айқын сезінуде. Аталмыш құжат күшіне енгелі облыстық үйлестіру кеңесінің қарауына 1 мыңнан астам өтініш түсіп, оның 201 қолдау тапқан.

Субсидия бір бөлек, оған қоса өз ісін енді бастағандарға мемлекет тарапынан 3 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз грант та беріледі. Оған қол жеткізу үшін теңдесі жоқ жоба ойлап табу қажет. Бұл ретте өңірімізде 2012-2013 жылдары жалпы сомасы 7,5 миллион теңгені құрайтын 8 жоба мақұлданыпты.

Қазіргі күні өңірімізде тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 22 мыңның үстінде. Олардан түсетін қаржы облысымыздағы жылдық салық көрсеткішінің 60 пайызын жабуға мүмкіндік береді екен.

 

Самат Есмағи