Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс орталығының бюджеті бекітілді

 

 

Қалалық мәслихаттың үстіміздегі жылғы соңғы сессиясында 2014-2016 жылдарға арналған қала бюджеті қаралды. Жылқы жылы Петропавл қаласының қазынасы 32 млрд 930 млн теңге мөлшерінде болады деп жоспарланған. Ал шығыс көлемі 26 млрд теңгеден аспайды деп болжанып отыр.

 

Гүлнар Әмренова, Петропавл қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы:

– Бюджет кірісінің өсімі 19,7 пайызды құрайды. Салықтан түсетін табыс 2 млрд 54 млн теңгеден астам қаржыны құрамақ. Өзге кіріс мөлшері  59 млн 300 мың теңге шамасында болмақ.

 

Қаржының басым бөлігі яғни, 62 пайызы білім саласына бағытталған. Екінші орынды тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы алып отыр. Ал әлеуметтік салаға жұмсалатын қаржы мөлшері 26,5 млн теңге шамасында. Онымен қоса жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылып жатқан Жұмабаев көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары да жалғасын таппақ. Ол мақсатқа 112 млн теңге бағыттылып отыр.

 

Мағжан Ахмадина