Қоғам

Ауған соғысының ардагерлері қаза тапқан жолдастарын еске алды

 

Қосман Бегалиновтың әскери шені подполковник. Ауған жеріне 1980 жылы жіберіледі. Онда Қосман аға Жалалабадтың Нанганхар провинциясындағы майданға қатысқан. Сол шақ күні бүгінге дейін көз алдымда дейді интернационалист жауынгер.

Кеңес әскерлерінің алғашқы легі Ауған жеріне 1979 жылдың 27 желтоқсанында аяқ басты. Биыл оған 34 жыл толып отыр. 10 жылға жалғасқан соғыста өздерінің отан алдындағы борышын өтеген солтүстікқазақстандықтардың саны 1,5 мыңның үстінде. Дәм тұзы елден бұйырғандары үйлеріне аман есен оралса, 46 боздақ майдан даласында шейіт болды.

 

Игорь Гамов, СҚО Ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы:

-Бүгінгі күні біздер үшін қаралы күн. Осыдан 34 жыл бұрын сол кездегі үкімет кеңес әскерлерін Ауған жеріндегі соғысқа аттандырды. Жарияланбаған майданға  біз ауған халқына көмек қолын созу үшін аттандық. Онда қанша жолдастарымыз жер құшты. Сондықтан біздер үшін және елге оралмаған боздақтардың туған- туысқандары үшін қаралы күн. Мерт болған жерлестеріміздің рухына тағзым ету баршамыздың паразымыз деп білем.

 

Ауған соғысында мерт болған боздақтарды еске алуға келгендердің қарасы қалың. Олардың дені интернационалист жауынгерлер. Бүгінде көзі тірілері 798 адам. Алдының жасы 70-тен шықса, соңғылары елуде. Алаңға жиылғандар ескерткішке гүл шоқтарын қойып шейт болған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

 

Самат Есмағи