Құқық қорғау органдары

Телефон алаяқтарынан сақ болыңыз

 

 

 

Мынадай парақшаларды тәртіп сақшылары алдын алу шарасы ретінде таратуда. Ондағы мақсаттары – телефон алаяқтарының арам ойын іске асыруға тосқауыл қою.

 

Сағындық Жантеміров,СҚО ІІД КПБ аға жедел уәкілі:

– Алаяқтар адамдардың сенгіштігін пайдаланып, қоңырау шалады. Сондықтан арбауына түспес үшін бірден 102 нөміріне телефон соғыңыздар.

 

Алаяқтардың арбауына көбіне зейнеткерлер ілігетін көрінеді. Сондықтан сенгіш келетін қариялардың құлағына алтын сырға, егер сізге жақын адамыңыз қиын жағдайға түсті, ақша берсеңіз мәселесін шешіп береміз деп бәз біреулер қоңырау шалса, ең алдымен туысыңызға хабарласып көріңіз.

Тек желтоқсан айында ғана оңай ақша табуды көздеген қулардың сөзіне 3 петропавлдық тұрғын сеніп қалған екен.

 

Мағжан Ахмадина