Мәдениет

Рождество кештері

 

Облыста бүгінгі таңда 20 мыңнан астам неміс ұлтының өкілдері тұрады. Олар үшін Қазақстан 2-ші Отанына айналды. Бірақ атамекенінен жырақта жүрсе де неміс ұлтының өкілдері бұрыннан қалыптасқан ата салтын бұзбай, дәстүрлерін сол қалпында кейінгі толқынға жеткізуге тырысады. Бүгінде мектеп оқушылары аптасына 3 рет “Видергебурт “неміс мәдени орталығына келіп, өз ана тілдерін ұдайы үйреніп, жетілдіріп тұрады.

Бұл неміс тілінде орындалып жатқан дәстүрлі рождестволық “Штиле нахт”, “О ду фролихе, о танненбаум” әндері. “Зеленая жемчужина” хорының мүшесі Людмила Бейловаға бұл әуенді бала кезінде әкесі үйретіп кеткен, енді ол білгенін өз замандастары мен жас буынға дәріптеп жүр.

 

Людмила Бейлова, “СҚО “Видергебурт “неміс мәдени орталығы” ҚҰ мүшесі:

– Біздің “Видергебурт” ҚҰ 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеуде. Бұл орталықта біз өзіміздің мәдени құндылықтарымызды ұмытпай, келер ұрпаққа үйретеміз. Сонымен қатар көмек сұраған жерлестерімізге қайырымдылық жасаймыз. Мен айтулы күнді пайдалана отырып, барлық неміс ұлтын Рождество мересімен құттықтаймын.

 

Рождестволық кездесу немістер үшін діни, мәдени дәстүрді жалғастырудың бір мүмкіндігі. Олар жыл сайын желтоқсанның 25-іне дейін әр жексенбіде бір майшамнан жағады. Барлығы осы уақытқа дейін әр шаңырақта 4 шам жағылуы тиіс. Бұл қараңғылық пен жамандық атаулы жанұямыздан кетіп, төрімізге жақсылық кірсін дегенді білдіреді.

Мұнда келмес бұрын, әр отбасы “Рождестволық қазды” әзірлеп, көршілерін қонаққа шақырады. Мереке барлығы 8 күнге жалғасады.

 

-Біз осы мерекеге барынша үлесімізді қосып жатырмыз. Сахнада Иса пайғамбардың дүниеге келу сәтін көрсеттік. Жақсы киім үлгілерін тігіп, осы мерекеге тыңғылықты дайындалдық. Бұл әрине біздің оқытушымыздың идеясы.

-Осындай рождестволық кездесу қаламыздағы барлық немістердің басын қосуға септеседі. Және мен өз ағайындарыммен аралас-құралас болуға мүмкіндік алдым. Мұнда өз ана тілімді үйрену үшін келемін. Өзге халықтардың дінін, мәдениетін де аздап үйреніп жүрмін.

 

Берік Қасен