Құқық қорғау органдары

Полицейлер Жандос Ахметовты атып кеткен қылмыскерді іздеуде

 

 

Қаржы полицейі Жандос Ахметовты өз үйінің подъезінде атып кеткен болатын. Оқтардың бірі жапа шегушінің басына тиген. Оқиғаға байланысты қалада бірден “Қолға түсіру” жоспары жарияланды. Қылмыс тіркелген аудан толығымен бақылауға алынды. Оқиға орын алған түні жаяу жүргіншілер мен көліктер тоқтатылып, барлығының құжаттары тексерілді. Айғақ заттар мен қаруды іздестіру жұмыстарына әскерилер де тартылды, қазір олар сол маңды сүзіп жүр. Облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері жасаған тұспалдаманың негізінде қазір 25-30 жасар арықша келген европалық нәсілді ер адам іздестірілуде. Қылмыс орын алған кеште сезікті қара көк тоқыма малақай мен күңгірт түсті сырт киімде болған.

Марқұмның артында жұбайы мен 2 баласы қалды. Жандос Ахметов қаржы полициясында 2012 жылдың наурыз айынан жұмыс істейді. Ол тергеу және сотқа дейінгі өндіріс мәселелеріне жетекшілік еткен. Қазіргі уақытта қаржы полицейінің өлімі мен оның қызметтік лауазымының байланысы қарастырылуда. Негізгі жорамалдардың арасында – тапсырыс бойынша адам өлтіру де бар. Сондықтан, тәртіп сақшылары оқиғаға қатысты қандай да бір ақпары бар тұлғаларды 39-40-07, 39-40-37, 39-48-07, 61-20-02 немесе 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.

 

Гүлмира Шоқтыбаева