Білім

Облыста жас ғалымдар байқауы өтті

 

Оқушыларды ерте бастан ғылыми іске тарту. Дәстүрлі “Зерде” республикалық байқауының көздегені осы. Өңіріміздің ізденімпаз жеткіншектері облыстық кезеңде өздерінің тың жұмыстарымен бөлісті. Тақырып таңдауда шектеу қойылмайды. Қалалық классикалық гимназияның 6-сынып оқушылары Алтынбек Аймағамбетов пен Әсет Баембаев қазақтың қара қамшысын әр жағынан зерделеп мағынасы мен маңыздылығын ашуға тырысқан.

Нақты ғылым – математиканың қыр сырын енді тереңдете сусындай бастаған ортаншы буын оқушыларының да бастамасы жаман емес. Саумалкөл қазақ орта мектебінің белсенділері дәл есептеулер жасап қана қоймай, қатарластарына маңызын түсіндіруге тырысып бақты.

Барлығы сайыста 300-ге тарта өңір оқушысы түрлі тақырыпта дарындарын ортаға жайып салды. Олар математика-жаратылыстану және гуманитарлық пәндер бойынша 8 секцияға топтастырылды.

Әр топта ерекшеленген жобалар ақтық сынға жолдама алады. Республикалық сынның қорытынды кезеңі Шучье қаласының “Балдәурен” оқыту-сауықтыру орталығында өтеді.

 

Жеңіс Ермұқанов