Аптадағы маңызды жаңалықтар

Діни тұрақтылықты нығайту

 

Еліміз көпұлтты. Олар бір шаңырақ астында тату тәтті күн кешуде. Әрқайсының өз дінін, мәдениеті мен салт- дәстүрін насихаттауға шектеу қойылмаған. Алайда өзге дінді уағыздаған келімсектер қарасы артуда. Бұдан дінаралық алауыздық туындауы ықтимал. Сондықтан осындай топтармен күресті күшейту қажет.

 

Қанат Әмрин, СҚО діни экстремизммен күрес жөніндегі бөлім басшысы:

-Жыл басынан заңға қайшы 35 заңбұзушылық тіркелді. Оның 14-і әкімшілік құқықбұзушылыққа қатысты. Осыған орай 7 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тағы екі іс сотта қаралуда. Сонымен қатар заңсыз миссионерлікпен айналысудың 21 фактісі әшкереленді. Олардың бәріне қатаң ескерту жасадық.

 

Облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов аталмыш бөлімның атқарған жұмысын жоғары бағалап, өңіріміздегі діни ахуал қатаң бақылауда болуы керектігін атап көрсетті.

 

Фархад Қуанғанов, СҚО әкімінің орынбасары:

-Дін істеріне қатысты заңнаманың жүзеге асуы көңіл көншітерлік. Десек те жағдайды қадағалап отыру жалғыз бөлімнің қолынан келе бермесі анық. Сондықтан оларға діни ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер де көмек қолын созулары қажет.

 

Экстремистік және терорристік бағыттағы іс әрекеттерге бой алдырғандардың бірпарасы өңіріміздегі түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатыр. Олардың барлығы өзге өңірлердің тумасы.

 

Мақсұт Жолмағанбетов, СҚО қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшысы:

-Қазіргі күні департаменттің түзету мекемесінде 20 адам отыр. Барлығы экстремистік бағытты ұстанғандар. Негізінен оңтүстік пен батыстың тумалары. Олардың 14-і экстремистік террористік қылмыс жасағандар. Жазаларын біздің өңірімізде өтеуге бағытталғандағы мақсат өздеріндегі діни ахуалдан шектету. Олар бізде өзге сотталғандармен араласпайды.

 

Бұдан соң кеңес мүшелері Ғ.Мүсірепов пен Айыртау аудандық дін істері жөніндегі кеңестердің діни бірлестіктермен нендей жұмыстар атқарып жатқандығынан құлағдар болды. Бұл аудандардағы ұлтаралық татулық пен діни келісім жағдайы қалыпты. Десе де арқаны кеңге салуға болмайтынын ұмытпаған жөн.

 

Самат Есмағи