ТЖ

Жаңа жыл мейрамы қарсаңындағы қауіпсіздік шаралары

 

 

Тәжірибе көрсетіп отырағанындай, әсіресе, жаңа жылдық мереке қарсаңында өрт оқиғалары жиілеп кететін көрінеді. Айталық, соңғы 3 жылда мейрам күндері өңірімізде 130 тілсіз жау фактісі тіркелген. 20 адам қаза тауып, 24-і жарақаттанған.

 

Әсет Ысмағұлова, СҚО ТЖД жетекшісінің орынбасары:

-Солардың 98-і отпен абайсыз болудың салдарынан орын алса, 19-ы пеш қондырғыларын дұрыс пайдаланбаудан, ал қалған 13-і электроқұрылғыларды қолдану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан болған. Кей кездері пиротехникалық жарылғыш заттардың сапасыз болуынан да тілсіз жау зақым келтіріп жатады.

 

Биыл өрт оқиғаларының саны 2012 жылмен салыстырғанда 20 пайызға азайған. Жыл басынан 496 тілсіз жау орын алып, 110 адам зардап шексе, 44 жерлесіміз қаза тапты. Сақтансаң сақтаймын. Қазіргі күні кей тұрғындар тіпті, қатты жел, боран болатынын естісе де, назар аудармай, жолға шығып кететін көрінеді. Сондықтан мамандар қысы қатты, қары қалың өңірде аязды күндері абай болуды ескертеді.

 

Еркін Жұматаев,СҚО ТЖД төтенше жағдайларды жою бөлімінің басшысы:

-Ауа райының қолайсыздығына байланысты, қар құрсауында қалудың – 171 , көктайғақтан зардап шегудің 8 фактісі тіркелген.

 

Суда құтқарушылар да ағымдағы жылы атқарған жұмыстарының қорытындысын жасады. Айта кету керек, бұл бағытта да ілгерілеушілік бар. 2012 жылы 54  адам су құрбаны болса, биылғы жылы олардың саны – 39. Жалпы мамандар 118 солтүстікқазақстандықтың өмірін арашалап қалған.

 

Мағжан Ахмадина