Қайырымдылық

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаңажылдық қайырымдылық кеші

 

 

Құрылғанына 7 жыл болған «АДОН-Север» қоғамдық бірлестігі мұндай қайырымдылық шараларын ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Бұл жолы олар мүмкіндігі шектеулі жандарға жаңа жыл қарсаңында орыс халық ертегісі «Морозконы» сахналады.

Қайырымдылық шарасына ұйымдастырушылар қаладағы 70-тен астам мүгедек жанды шақырыпты.

 

Елена Колмогорова, «АДОН-Север» ҚБ төрайымы:

-Қайырымдылық шараға мүмкіндігі шектеулі жандармен қатар әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларынан шыққан балалар да шақыртылды. Оларға ертегімен қатар, дастархан жайып, ыстық тамақ та береміз. Шара демеушілер, ата-аналар мен педагогтардың көмегімен ұйымдастырылды.

 

Орыс халық ертегісін «АДОН-Север» ҚБ мен өңіріміздің еріктілері сахналады. Туындыны тамашалаған жарымжандардың жүздері жадырап, алған әсерлерімен бөлісті.

 

-Маған мереке қатты ұнады. Бізге жасаған тосын сый ертегі де көңілімнен шықты.

– Мен бұл ертегіні теледидардан да көрдім. Бірақ сахналық қойылым ерекше.

 

Айта кету керек ертегі кейіпкерлерінің киімдерін осы ұйымға келіп жүрген мүмкіндігі шектеулі жандар тігіпті. Қайырымдылық шараның соңында балаларға тәтті сыйлықтар үлестірілді.

 

Бану Ахметова