Салық басқармасы

Электрондық салық төлеу уақыт үнемдеуге септеседі

 

 

Салық басқармасына есеп тапсыратындардың көпшілгі бүгінгі заман талабына сай электрондық салық төлеуші қызметіне көшкен. Қазіргі таңда оның артықшылығын сезініп жүрген петропавлдықтардың саны 92 пайызды құрап отыр. 2002 жылы қабылданған тың жүйенің бірқатар артықшылықтары бар.

 

Жібек Күлікова, Петропавл қаласы бойынша салық басқармасының бас маманы:

-Уақыт үнемдейсіздер. Салық басқармасы қызметкерлерімен қарым-қатынас жасамайсыздар.

 

Электрондық салық төлеуші ретінде тіркелуге әркімнің құқығы бар. Ол үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша құзырлы органға өтініш жазу жеткілікті.

 

Жібек Күлікова, Петропавл қаласы бойынша салық басқармасының бас маманы:

– Семинарлар жүргізіледі. Онда электрондық салық төлеушіні қалай пайдаланатындығы түсіндіріледі.

 

Ал үйінде ғаламторға шығу мүмкіндігі болмағандар  салық басқармасына келіп, бұл үрдісті жүзеге асыра алады. Ол үшін мұнда 19 арнайы терминал бар.

 

Мағжан Ахмадина