Қоғам

Түзету мекемесіндегі құқықтық және компьютерлік сауаттылық арттыру курстары

 

Фаина Валлдың ЕС 164/6 түзету меукемесінде жазасын өтеп жатқанына 3 жылдан асқан. Ол компьютерлік сауаттылықты арттыру курсында дәріс алушылардың бірі. Бойжеткен  технологияны меңгеру заман талабы дейді.

Жазасын өтеуші нәзік жандардың құқықтық және компьютерлік сауаттылықтарын арттыруға мұрындық болған “Әйелдерді қолдау орталығы” қоғамдық ұйымы. Бұл ретте олар халықаралық адам құқығы жүйесіне негізделген арнайы бағдарлама әзірлепті.

 

Алина Орлова, “Әйелдерді қолдау орталығы” ҚБ төрайымы:

-Жоба мақсаты жазасын өтеп жатқан нәзік жандардың ертеңгі күні қоғамға бейімделіп кетулеріне жағдай жасау. Бұл тұрғыда құқықтық сауаттылық жөнінен 120 адамды оқытып шығаруды жоспарлап отырмыз. Олардың барлығы арнайы курстардан өтісімен қолдарына сертификат алады.

 

Қазіргі күні ЕС-164/6 түзету мекемесінде шалыс қадам басқан 263 нәзік жан жазасын өтеп жатыр. Олардың 50 пайызы еңбекпен қамтылыпты.

Түзету мекемесінде арнайы ашылған курстар сотталғандардың уақыттарын тиімді өткізулеріне мүмкіндік берері сөзсіз. Оны түрмедегілердің өздері де жоққа шығармайды.

 

Самат Есмағи