Көлік және жолдар

Коммуналдық кәсіпорындар қала көшелерін қардан тазартуда

 

 

Горький көшесіндегі ақ ұлпаны жинау жұмыстарын «Коммунхоз Петропавл» кәсіпорыны мен «СУ- 808» ЖШС қолға алған. Таң атқалы олар қардан көшені тазалауда. Жұмыс оңай емес, білек күшін талап етеді. Наиля Калиаскарованың көше тазалығына үлесін қосып жүргеніне 12 жыл болыпты. Ауыр еңбекке төселіп қалған нәзік жанды жұмысқа таң қылаң бере кіріседі екен.

 

Наиля Калиаскарова,«Коммунхоз Петропавл» ЖШС қызметкері:

-Қазір Горький көшесін қардан тазалап жатырмыз. Бүгін міне қар жауып жатыр. Жеңіл жиналуда. Дегенмен жұмыс көп. Сондықтан таңғы сағат 7 жарымда жұмысқа кірістік.

 

Бұдан өзге «Коммунхоз Петропавл» серіктесті 3 участокта жұмыс жүргізіп жатыр. Жалпы қызмет көрсетуге 150-ден астам маман жұмылдырылған. Арнайы техника көлемі де жеткілікті.

 

Мұрат Қалиев, «Коммунхоз Петропавл» ЖШС директоры:

-11 жүк көлігі мен 4 погрузчик жұмыс істеп жатыр. Жаңа жыл мерекесіне де де кезекшілік болады. Керек жағдайда мамандар шығады.

 

Бүгіндері Петропавл көшелерін қардан арылту жұмыстарымен 7 кәсіпорын айналысады.

 

Мағжан Ахмадина, тілші:

-Петропавл көшелерінің тазалығын қамтамасыз ететін кәсіпорын қызметкерлері  бүгін әдеттегідей ертесімен жұмысқа шығып, қаланы қардан арылтуда. Жұмыс ауқымды, оның үстіне таң ата жауған ақ ұлпа әлі бір толастар емес. Алайда көп жағдайда мамандар мен арнайы техникаға қарды сапалы жинауға мынадай жол жиегіне қойылған көліктер кедергі келтіреді.

 

Жалпы қыс мезгілі басталғалы бері «Коммунхоз Петропавл» ЖШС мамандары  қала көшелерінен 5 мың текше метрден астам қар шығарды. Тұрғындардың осындай уақтылы жасалатын істерге көңілі толуда.

 

– Әзірше көңілім толады. Бірақ әлі басы ғана. Ертең қар көп жауса, үлгере ме соны көреміз.

– Көшені тазартып жатқанына көңілім толады. Әрине жақсы.

– Қазір тағы құм себеді. Сонда тайғанақ болмайды. Өйтпесе әсіресе аялдамалар жаны тайғанақ.

 

Бірақ солтүстікте алты ай қыс болатындығын ескерсек, әлі де кәсіпорындар  жұмысы ауқымды екендігі сөзсіз.

 

Мағжан Ахмадина