Спорт

Петропавлда баскетболдан “Мектеп лигасы” басталды

 

 

“Мектеп лигасы” республикалық жобасы аясында қолға алынған жарыс салтанатты түрде ашылды. Баскетболдан облыстық кезеңге қаланың 9 және Мамлют ауданынан 1 команда қатыспақ. Тартысты дода “Барыс” балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің үздік баскетболшыларының ойынымен ашылды.

Додаға қатысуға ниет білдіргендердің арасында жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат оқушылары да бар. Олар мұндай жарыстарды жібермей, шама-шарқынша қатысып отырады екен. Бұл жолғы тартысты дода біз үшін ерекше, өйткені жеңетін болсақ, бағымызды республикада сынап көруге мүмкіндік бар дейді интернат тәрбиеленушілері.

Иван Христолюбский:

– Баскетболмен айналысып жүргеніме 6 жыл болды. Талай жарыстарға қатыстық. Жақсы нәтижеге де қол жеткізген кездеріміз болды. Енді, осы сайыста да жеңіске жетуге барымызды саламыз.

Николай Лебедев:

– Облыстық чемпионатта жеңіске жетсек, республика көлемінде өзге қалалардың спортшыларымен бағымызды сынап көре аламыз. Өңіріміздің намысын қолдан келгенше қорғаймыз.

 

Республика көлемінде қолға алынған сайыс 12 жасар мектеп оқушыларының арасында өткізілуде. Дәл осындай жарыстар Петропавлдан өзге, Қарағанды, Алматы, Өскемен қалаларында ұйымдастырылуда. Ең алдымен командалар өз қалаларында іріктеліп, кейін үздіктері Астанада наурыз айында бақтарын сынамақ.

 

Михаил Дедов, Республикалық баскетболдан федерациясы СҚОФ директоры:

– Бұл жарыста балалардың арасында үздік ойыншыларды іріктеп, алдағы уақытта баскетболмен кәсіби түрде айналысуыларына мүмкіндік жасаймыз. Және келесі жылдан бастап сайысқа қатысушылардың санын екі есеге арттыруды көздеп отырмыз. Ойындарға қыздар да қатысатын болады.

 

Баскетболдан республикалық жарыстың облыстық кезеңі салтанатты түрде ашылғанымен, алғашқы ойын қаңтар айының 12-сінде өтеді. Кейін құрамалар әр аптаның жексенбісінде кездесіп отырмақ. Тартысты дода үш айға созылады. Жеңіске жеткен құрамалар кубок, грамота және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

 

Бану Ахметова