Мәдениет

Жаңажылдық көрме

 

Көрмеге қойылған бұйымдардың барлығы қысты бейнелейді. Оларды мұражай қызметкерлері қағаздан пішіп, матадан тіккен. Балалардың көңілінен шығу үшін аса мейіріммен жасағандары көрініп-ақ тұр. Мәселен, мына шырша мен қағаздан өрнектелген қар көзге бірден түсті. Алды ашық пешке ілінетін мына шұлықтың пайда болу тарихы да бар. Оны мұражай қызметкерлері балаларға қызықты етіп әңгімелеп берді.

 

Евгения Тыщенко, Облыстық бейнелеу өнері мұражайының ғылыми қызметкері:

Алда католиктер мен православтықтардың Рождество мерекесі келе жатыр. Мерекелік түнде Санта Клаус әр үйге пештің мұржасы арқылы түсіп, ілулі тұрған шұлыққа сыйлықтарын салып кетеді деген наным-сенім қалыптасқан. Міне, ата-аналар балаларына осылай сыйлық жасаса керек.

 

Ал, қағаз бен мақтадан тұратын Аяз ата мен ақша қар Кеңес өкіметі кезінде жасалған екен. Көнеден сыр шертетін өнер туындысы өзге бұйымдар арасында мен мұндалап тұр. Көрме балалардың көңілінен шықты.

 

Милана Калмахелидзе, оқушы:

Көрме сондай қызықты. Біраз дүниені тамашаладым. Тіпті, әрқайсысының шығу тарихы бар.

 

Бұдан кейін балғындар өз арман-тілектерін қағазға қалдырып кетті. Мүмкін, Аяз ата орындап қалар деген ниетпен.

 

Бақыт Сәдуақасов