Бизнес және экономика

Қаржы саласының дамуына үлес қосқан 7 солтүстікқазақстандыққа мерекелік медальдар табыс етілді

 

Залда жиналғандардың барлығы төл теңгеміздің дамуына сүбелі үлес қосқан жандар. 1993 жылы ұлттық валютамыз енгізілгенде осы адамдар өңірімізде дербес қаржы саясатын жүзеге асыруға өз септігін тигізген. Бұған дейін де нақ осындай наградаға ие болған 60-тан астам жерлесіміз бар. Бүгіндері олардың қатары тағы 7-ге толықты.

 

Жомарт Қажрахимов, «ҚР Ұлттық банкі» РММ СҚФ директоры:

-Қиын-қыстау кезеңде бізге демеушілік жасаған жандардың барлығы марапатсыз қалмауы тиіс. Сондықтан біз осы азаматтарды да елеп отырмыз.

 

Бүгінгі салтанатты шарада «Теңгеге -20 жыл» атты мерейтойлық медальмен марапатталғандардың қатарында Құдайберген Қалиев те бар.

 

Құдайберген Қалиев, еңбек ардагері:

– Теңгеміз өзге валюталарға қарағанда тұрақты. Мен сол кездері әкімнің орынбасары болдым. Төл теңгемізді енгізу кезінде талай жұмыстар атқардық. Сол еңбегімізді ұмытпай, марапаттап жатқандарға алғыс айтамын.

 

Қиын-қыстау кезеңде облысымызда емес, басқа өңірде жүріп, төл теңгемізді енгізуге үлес қосқан Марат Мұстафин де бүгін марапатқа ие болды.

 

Марат Мұстафин, ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің СҚО бойынша департаментінің директоры:

 

Мен 1993 жылдары Арқалық қаласының әкімі болдым. Сол жылдары теңгені енгізу үшін көп еңбек еттік. Енді 20 жылдан кейін сол жұмысымның өзге өңірде де ескерілгеніне қуаныштымын.

 

Дәл осы жерде айналымға жаңадан шыққан естелік 1000 теңгелік таныстырылды. «Күлтегін» түркі жазба ескерткішіне арналып жасалған банкнотаның таралымы 10 млн дана.

 

Мағжан Ахмадина