Ауыл шаруашылығы

Жер түгендеу жұмыстары жалғасуда

 

 

Бүгінде облыста 9 млн 800 мың гектардан астам жер бар. Соның ішінде 5 млн гектарға жуығын егістік алқаптары алып жатыр. Биыл  бұл мақсаттағы жер аумағы тағы 64 мың га кеңейді. Бос жатқан учаскелер түгендеу жұмыстарының нәтижесінде анықталып отыр. Осы күні облыстағы жер алқаптарының басым бөлігі ауыл шаруашылығында пайдаланылады. Олардың мақсатты әрі тиімді іске жаратылуы үнемі бақыланады. Оған жыл сайын ел қазынасынан тиісті қаражат та бөлінеді.

Облыста жер түгендеу жұмыстары 2012 жылы басталған болатын. Оның нәтижесінде бүгінге дейін  қараусыз жатқан 205 мың га жер анықталған. Ал биыл 1 желтоқсанға дейін жерді сатып алу және жалға беруден ел қазынасы 955 млн 800 мың теңгеге толықты.

Жерді түгендеу жұмыстары келесі жылы аяқталады.

 

Бану Ахметова