Ауа райы

«Oтау ТВ» отандық операторының қызметін пайдаланушылар саны еліміз бойынша 500 мың адамға жетті

 

 

Жоғары сапалы бейнені қамтамасыз ететін отандық спутниктік телеарнаның нарыққа шыққанына 3 жылға жуық уақыт болды. Бірақ, осы аралықта «Отау ТВ» жоғары межені бағындырып үлгерді. Жыл соңына дейін тұтынушылар санын арттыру жоспарланған. «Отау ТВ» арқасында көптеген арналарды тегін көруге мүмкіндік бар және сапасы да жақсы дейді бүгін 500 мыңыншы абонент атанып, сыйлыққа ие болған Евгений Новиков.

 

Евгений Новиков, қала тұрғыны:

-Біріншіден онда барлық базалық қазақстандық каналдар кіреді. Бағасы да онша қымбат емес. Екіншіден, онда жоғары сападағы АШДИ каналдарды қосып алуға болады. Абоненттік ақысы қымбат емес. Қосымша пакеттерді де қосуға болады. Жалпы қызмет көрсету сапасына көңілім толады.

 

Қазіргі таңда өңірімізде «Отау тв»-ның 12 мыңға жуық абоненті бар. Елімізде отандық жерсеріктік телеарнаға қосылу деңгейі бойынша облысымыз өзге аудандарға қарағанда көш соңында келеді. Ұлттық арналар таралымының операторы ұсынатын бағдарлама өте тиімді. Бір рет қосылғаннан кейін 38 арнаны үздіксіз қарауға болады.

 

Олег Гордиенко, “Қазтелерадио” АҚ филиалының СҚОРТД бас инженері:

-Абоненттер сигналды дұрыс қабылдау үшін теледидарларын соған сай жөнге келтіруі қажет. Олар теледидарларындағы автонастройканы не қолмен жөндеуді орнату қажет. 20-шы желтоқсаннан бастап, біз кодирование жүргіземіз. Ол үшін абонетнтер арнайы модульді сатып алғаны дұрыс.

 

Ауыл тұрғындары үш жыл бұрын ең көп дегенде 3-4 арнаны көре алатын. Бүгінде олар спутниктік жабдықты сатып алып, көптеген арналарға қол жеткізді. Ұлттық желі ең шалғай елді мекендерді де қамти алады. Яғни, кабель төсеу мүмкін болмаған жерде, спутниктік арналар жұмыс жасайды.

 

Руслан Рамазанов, “Қазтелерадио” АҚ филиалының СҚОРТД сату орталығының басшысы:

-Бүгіндері Киров атындағы зауыт құрылғыға деген бағаны арзандатып отыр. Қазір қондырғы құны 17 мың теңгені құраған. Орнатумен қоса алғанда 22 мың көлемінде шығады.

 

Аудандар бойынша отандық жерсеріктік телеарнаға деген сұраныс Уәлиханов және Ақжар аудандарында үлкен. Ал «Отау тв» орнату жөнінен соңғы орындарда Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласы орналасқан. Бұны мамандар тұрғындардың үйлерінде Ресейдің “Ямал”, “Триколор” және басқа спутниктік жабдықтардың көптеп орнатылғандығында деп түсіндіруде.

 

Мағжан Ахмадина