Аптадағы маңызды жаңалықтар

Айыртау ауданында “Нұр Отан” партиясы және Халық банкінің бөлімшелері ашылды

 

Ауданда ұлық мерекеге орай тұрғындардың игілігіне тапсырылған нысанның бірі – “Халық банкінің  бөлімшесі. Жаңа ғимараттың таспасын облыс әкімі кесті.

Халық банкі – елімізде қарқынды дамып келе жатқан қаржы институттарының бірі. Бүгінде банк 19 мыңға жуық жеке тұлғаға өз қызметтерін ұсынып келеді. Ол үшін 72 банкомат, 22 мультидүңгіршектер, 9 аудандық басқарма жұмыс істеуде. Бүгінде айыртаулықтардың 90 пайызы аталмыш қаржы институтының қызметтерін пайдалануда.

 

Темірғали Мәекенов,«Халық банкі» АҚ СҚОФ директоры:

-Биыл біз облыс бойынша елді мекендердегі банктердің жағдайын жақсартып отырмыз. Мына ашылып отырған ғимараттың ішінде барлық банктік қызметтер көрсетіледі. Осының барлығы жұрттың қамы үшін жасалып жатыр.Сондықтан сіздерді жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтаймын.

 

Сапар барысында облыс әкімі «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы ғимаратының ашылу салтанатына қатысты.

Аудан орталығындағы партия кеңсесін тұрғызуға жергілікті кәсіпкерлер демеушілік еткен. Жалпы 25 млн теңге жұмсалыпты. Партияның жеке ғимаратында өткен алғашқы жиында «Нұр Отанның» жаңа мүшелеріне билеттер табысталып, ел дамуы жолында абыройлы жұмыс істегендер облыс әкімінің алғыс хаттарын алды.

Самат Ескендіров «Нұр Отан» партиясы ғимаратының құрылысы сапалы жүргізілгенін атап өтті. Ал айыртаулықтар өз міндеттерін мінсіз атқаруға уәде берді.

 

Самат Ескендіров, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

-Кеңсе жақсы. Заман талабына сай. Іші жайлы, кең. Біздің партияға сай келеді.

 

Ағзам Тастеміров, Айыртау ауданының әкімі:

-Айыртаулықтар биылғы жылды жақсы көрсеткіштермен аяқтап отыр. 2014 жылы да алдымызға қойған жоспарды тиісті деңгейде орындаймыз деген сенімдемін. Бар мүмкіндікті пайдалануға уәде етемін.

 

Сонымен қатар өңір жетекшісі «Ғасыр Айыртау» ЖШС-нің цехтарын аралады. Мұндағылар ағаштан жиһаз жасап, техниканың бөлшектерін жөндеп, омарташылықпен айналысады екен. Серіктестік негізінен тапсырыс бойынша жұмыс істейді.

Биыл серіктестік жылыжай да салыпты. Қараша айында еккен өскіндері гүлдеп жатыр. Жылыжайда қияр, қызанақ, жуа сынды көкөністер де бар. Айта кету керек, “Ғасыр Айыртауда” дәл осындай жаңа үш жылыжай үздіксіз қызмет етуде.

 

Материалды әзірлеген «Қазақстан-Петропавл» арнасының тілшілері