Қоғам

“Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы саяси кеңес бюросының отырысы

 

Жыл басында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өңірімізге ат басын бұрған болатын. Іссапар барысында Қызылжар ауданына қарасты Асанов  елді мекеніндегі жол және сумен қамту мәселелерін көтерген болатын. Бүгін саяси кеңес бюроосының отырысында осы сауал басты назарда болды. Қазіргі таңда «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Асановоға жетер 6 шақырым жолды жөндеуге Республикалық бюджеттен 27 млн теңге және облыстық қазынадан 3 млн теңге бөлінген.

 

Самат Ескендіров, «Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасы, СҚО әкімі:

– Қаржы мұншалықты ауқымды болмады. Сондықтан жолды жөндеу мәселесі 2014 жылы жалғасын табады. Жолдың сапалы жасалуына баса назар аудару қажет.

 

Асановалықтар көтерген сумен жабдықтау мәселесі де жуық арада шешімін табады. Қазір құрал- жабдықтарды алуға облыстық бюджеттен 24 млн теңге қарастырылған. Жұмыстардың толық аяқталуына 2014 жылы республикалық бюджеттен 275 млн теңге бөлінеді деп жоспарланған. Бауыржан Байбектің қабылдауында болған Қызылжар ауданы Бәйтерек ауылының тұрғыны Жанат Отыншиевтің де өтініші шешімін тапқан. Азамат “Жұмыспен қамту- 2020 ” бағдарламасы аясында ағаш кесу құрылғысын орнату үшін жер учаскесін рәсімдеуге көмек қолын созуды сұраған еді.

 

Еркебұлан Кәменов, Қызылжар ауданының әкімі:

– Бәйтерек ауылының тұрғындары инженерлік- коммуникациялық инфраструктура жайлы қойған сауалы да қазіргі күні шешіліп жатыр. «Севгражданпроект» ЖШС жобалық- сметалық құжаттарын әзірледі. Облыстық бюджеттен 54 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Мердігер компания анықталып, қазір олар жұмыстарына кірісті. Қабылдауда көтерілген тағы бір өтініш ол мал шаруашылығын дамытуға қатысты болатын. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында «СБИ-АгроТашкентка»ЖШС 150 млн теңге көлемінде субсидия алды.

 

Саяси кеңес бюросында қаралған келесі мәселе – партия төрағасының кезектен тыс 15-ші съезде айтқан тапсырмаларының орындалу барысы болды. Бұл тұрғыда басымдық берілген міндеттерді жүзеге асыруға арналған жоспар бекітілді. Сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің құрамына өзгерістер енгізу және атын өзгерту туралы қаулы қарастырылды. Енді аталмыш кеңес «Нұр Отан» партиясы СҚ облыстық филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңес болып ауыстырылды. Ал оның құрамынан шығып қалған екі азаматтың орнына ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттінің СҚО бойынша тәртіптік кеңесінің төрағасы  Мұрат Қадырбек пен СҚО аймақтық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы  Мұрат Жәкенов енді.

 

Мағжан Ахмадина