Мәдениет

Қазақстан Президенті туралы “Көшбасшы жолы” атты фильм кинотеатрларда көрсетіле бастады

 

Елбасының жастық шағынан сыр шертетін туындыны тамашалауға келген халықтың қатары қалың болды. Ауылда өсіп, қалаға жас комсомол ретінде аттанған Сұлтан образы көрерменін бірден баурап алды. Елбасының жастық шағынан сыр шертетін туындыда президенттің рөлін белгілі актер Нұржан Әлімжанов сомдайды.

Туған ортасынан алған кіршіксіз таза мінезі мен білімге құмарлығы сайын далада енді бой көтеріп жатқан Теміртау қаласына алып келеді. Еңбекқор жас бірден көзге түсіп, Украинаға оқуға жіберілді. Екі жылдан соң металлург болып оралды. Фильмдегі осы эпизодтар Нұрсұлтан Әбішұлымен бірге қызмет атқарған әріптестерінің де ойына біраз естеліктерді оралтқан.

Украинадан келген соң, Теміртауда өндіріс жұмысына араласады. Осы жерде жан жары Сара Алпысқызымен кездеседі. 1962 жылы Хельсинкиге бүкіләлемдік жастар фестиваліне жол тартады. Осы сапарында тұңғыш ғарышкер Юрий Гагаринмен кездескені де фильмде көрініс тапқан. Фестивальде жас металлург өз мамандығының маңыздылығын айтып жатқанда америкалық журланист Нұрсұлтанды жай жұмысшы емес, партия шенеунігінің ұлысың дейді. Сонда Сұлтан былай деп жауап береді.

“Көшбасшы жолы” фильмі Елбасының шынайы өміріне құрылған. Белгілі драматург Шахмардан Құсайынов пен режиссер Рүстем Әбдірашов туындыны Қазақстан, Ресей, Украина, Эстония елдерінде бірлесіп түсірген. Фильмді тамсана тамашалаған теріскейліктер туынды тәуелсіздік мерекесіне үлкен сыйлық болды деп отыр.

Елбасының еңбек жолындағы қайтпас қайсарлығы жастарға үлкен үлгі.

 

Бану Ахметова