Балалар

Облыстық жастар форумы

 

 

Форумда марапатқа ие болғандардың қатарында Ақан Баймағанбетов те бар. Ол «Ең үздік жас спортшы» номинациясында көзге түсті.

 

Ақан Баймағанбетов, Әлем чемпионатының грек-рим күресінен қола жүлдегері:

-Күреспен 14 жыл айналысамын. Биыл жазда Болгарияда өткен әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткіздім. Өте қиын тартыс болды. Десе де намысты қолдан бермедім. Алға қойған мақсаттар зор. Ол олимпиадаларда, чемпионаттарда үздіктер қатарынан көріну.

Форумға қатысушылар жастарды алаңдататын әлеуметтік мәселелерді шешу жолдарын да қарастырды. Бұл жерде олар мемлекеттің көмегі мол дейді.

 

Мұса Танақұлов, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты қалалық филиалының атқарушы хатшысы:

-Жыл санап жастар саясатына көп көңіл бөлініп, елімізде жастар бастамаларын қолдау жүйелі түрде жүзеге асырылады. Жас буынның сапалы оқу оқып, білім алуына, жұмыспен қамтылуына көп көңіл бөлінеді. Бұның барлығы жастардың патриоттық сезімін оятып, елге деген сүйіспеншілігін қалыптастырады.

 

Марапаттау рәсімі 10 номинация бойынша өтті. «Ең үздік жастар қозғалысы» аталымында қаламызда жаңа спорт түрін дамытып келе жатқан Айдар Жамболатов үздік деп танылды.

 

Айдар Жамболатов,«Streetworkout» қозғалысының көшбасшысы:

-Қазір стритуоркаутпен 150-ге жуық тұрғын айналысады. Ол үлкен физикалық дайындықты қажет етеді. Жастар қозғалысы болғанымен онымен үлкен жастағы адамдар да, қыздар да айналыса береді.

 

Жиын соңы концертке ұласты.

 

Мағжан Ахмадина