Ауа райы

БАҚ жөніндегі кеңес отырысы

 

 

Бұқаралық ақпарат құралдарының міндеті елдегі оқиғаларды халыққа жеткізу. Бұл ретте аталмыш сала қызметкерлеріне артылар жүк ауыр деді БАҚ жөніндегі кеңес отырысын ашқан өңір басшысы.

Өңіріміздегі баспасөздің бүгінгі ахуалы қандай, оны одан әрі дамыту үшін нендей жұмыстар атқару керек. Ол жайында жиынға қатысушыларды “Қызылжар Ақпарат” медиахолдингінің басшысы Кәрібай Мұсырман құлағдар етті

Халықты ақпаратпен сусындатуда аудандық басылымдардың да алатын орны ерекше. Алайда олардың қаржылық жағдайы төмен. Жылдық бюджеттері 5 миллион теңге шамасында.

Аудандық газеттер білікті мамандарға да зәру. Журналистиканы тәмамдаған жастар болса елге барғысы жоқ. Барлығы қалада қалғылары келеді. Ол үшін не істеу керек.

Телевизия саласын сандық жүйеге көшіру заман талабы. Бұл ретте “Отау ТВ” қондырғылары бұқараға жол тартты. Алайда өзімізде шығатын өнімге өңір тұрғындарынан сұраныс аз деп атап көрсетті «Қазтелерадио» филиалының басшысы. Республика бойынша біз көш соңындамыз. Самат Ескендіров жағдайды оңалту тұрғысында бұқараға түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу керектігін атап көрсетті. Ол тілшілердің міндеті. Өңірімізде қазіргі күні 64 БАҚ болса, олардың 41-і мемлекеттік тапсырысты жүзеге асырады. Бұл ретте журналистер қауымына мемлекеттік органдардан қандай да бір ақпарат алу оңайға соқпайтыны анық. Ішкі саясат басқармасының басшысы олқылықтың орнын толтыру үшін бүгінде барлық ведомстваларда баспасөз хатшылығын құру жұмыстары қолға алынғандығын тілге тиек етті. Жиын соңында өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын үздік айшықтау тұрғысында жарияланған байқаудың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар диплом және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жүзден жүйрік шыққандардың қатарында арнамыздың тілшісі Ирина Панфилова да бар.

Марапатқа ие болғандардың жалпы саны 15.

 

Самат Есмағи