Денсаулық сақтау

“Жедел жәрдемге” жас мамандар қабылданды

 

Дәрігер мамандығын таңдағандардың бірі – Бекзат Жантасов. Ол өткен жылы Солтүстік Қазақстан медициналық колледжін фельдшер мамандағы бойынша тәмамдаған. Кейін Аққайың ауданындағы Ивановка ауылындағы дәрігерлік амбулаторияда 1 жыл қызмет істепті. Бүгін міне жедел жәрдем мамандарының қатарын толықтыруда.

 

Бекзат Жантасов,«Облыстық жедел медициналық көмек көрсету орталығы» ШЖҚ фельдшері:

-Мен бұл мамандықты жас кезімнен ұнатамын. Біз адамдарға көмек көрсетіп, олардың денсаулығын қадағалаймыз. Мамандар жақсы. Осы жылы жұмысқа жаңа мамандар көптеп келуде. Оларға тәжірибелі дәрігерлер көмек көрсетіп, сабақ береді.

 

Биыл жедел медициналық көмек орталығы 25 жас маманмен толықты. Олар арнайы курстардан өтіп, білімдерін шыңдаған.

 

Мамадияр Байғұлов, «Облыстық жедел медициналық көмек көрсету орталығы» ШЖҚ КМК бас дәрігері:

– Барлығы сынақтан өтті. Стажировкада олар жұмыстың қаншалықты екендігін көрді. Арнайы комиссия дайындалды. Жас мамандар өздерін көрсетіп, дайындық деңгейінің қаншалықты екендігі бақыланады. Конкурспен алдық.

 

Жалпы жедел медициналық қызмет көрсету орталығында 300-ден астам адам жұмыс істейді. Науқастарға аз уақытта жету үшін мұнда 30- ға жуық көлік жарақталған.

 

Мағжан Ахмадина