Спорт

Шағын футболдан турнир

 

Жарыс 8 құрама команданың басын қосты. Шағын футболдан бақтарын сынауға нағыз әуесқой аяқдоп шеберлері келіпті.

 

Виталий Фесько, “СҚ желілік электр тарату компаниясы” АҚ бас инженері:

– Кәсіпорындар арасындағы жарыс Солтүстік Қазақстан облысының электр тарату орталығының 50 жылдығына арналды. Осылайша кәсіпорындардың жұмысшыларын спортқа, салауатты өмір салтына тартуды көздеп отырмыз. Бүгінгі жарыс шағын футболдан өтуде. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін.

 

Бірінші болып алаңға «ПАМЖЗ» мен «Қазақтелеком»  ойыншылары шықты. Алғашқы таймда «Қазақтелеком» құрамасының ойыншылары басымдық танытып, қарсылас қақпасына 1 допты дарытты.

 

Арман Абушакимов, «Қазақтелеком» құрамасының мүшесі:

– Осындай жарысқа қатысып отырғаныма қуаныштымын. Әрине біз турнирлік жарыстарға үнемі қатысамыз. Бүгін жақсы ойын өрнегін көрсетеміз деп үміттенемін. Қарсыластарыма сәттілік тілеймін.

 

2-ші таймда да «ПАМЖЗ»  ойыншылары қанша тырысқанымен есе қайтарып, қарсыластарының қақпасына гол соға алмады.

 

Александр Дедюхин, «ПАМЖЗ» құрамасының мүшесі:

– Осындай жарыстар жиі өтсе екен. Өйткені салауатты өмір салтын қалыптастыру бүгінгі заман талабы. Әрі мұндай ойындар ұжымдық бірлікті нығайта түседі. Көп жаттығып дайындалдық. Міне бүгін жемісін көріп отырмыз.

 

Нәтижесінде ойын 3 : 1 есебімен телекомдықтардың пайдасына аяқталды. Жалпы турнир қорытындысы бойынша анықталған үздік ойыншыларға медальдар мен кубоктар табысталмақ. Сондай-ақ, 1-ші орынға ие болған құрамаға 8 мың, 2-ші орынға 5 мың, 3-ші орынға 3 мың теңге көлемінде сыйлық сертификаттары табысталады.

 

Бақыт Сәдуақасов