Қоғам

“Бір Отан, бір тіл – тәуелсіз Қазақстан”

 

Көрмеде алдымен Қазақстанның ел болып қалыптасу тарихы жайында деректі фильм көрсетілді. Бейнематериалда баяндалған қазақ халқының шежіресі көрермендерді бір сәтке ойға шомылтып, өткенге көз тастауларына мүмкіндік берді. Ал еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі толағай табыстарымыз молынан және олардың қай-қасысысы болмасын Президентіміздің саясатының нәтижесі дейді дөңгелек үстелге қатысқан өлкетанушы Таңат Сүгірбаев.

 

Таңат Сүгірбаев, “Асыл мұра” орталығының жетекшісі, еңбек ардагері:

– Міне осы қиындыққа қарамай Елбасының ұлтжандылығының арқасында біздің қандас бауырларымыз елге оралып отыр. Екіншіден дін ел тірегі дейміз, оған байланысты Келісім сарайын салғызып Астанада, сондықтан да 3 жыл сайын құрылтай өткізіп отыр.

 

Ел тәуелсіздігінің 22 жылдығына орай оқырмандар назарына кітаптар көрмесі ұсынылды.

 

Майра Әшімова, С. Мұқанов атындағы облыстық кітапханасының қазақ тіліндегі әдебиет бөлімінің басшысы:

– Шарамызда “Тәуелсіз Қазақстан – бейбітшілік пен татулық” атты көркем безендірілген көрме кешені ұйымдастырылды. Бұл көрмеде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаянынан бастап тәуелсіздік жылдары ішіндегі жеткен жетістіктері, оның еңбектері, тарихқа, әдебиетке кең орын берілген.

 

Бүгінде Қазақстан әлем мойындаған мемлекеттердің қатарында, еліміз бірнеше халықаралық ұйымдарға мүшелік етуде. Бұның барлығы тәуелсіздіктің жемісі.

 

Бақыт Сәдуақасов