Ауа райы

Петропавлда алғашқы медиафорум өтті

 

 

Форум басталмас бұрын жиналғандар жергілікті БАҚ өкілдері дайындаған көрмені тамашалады. Алғашқы медиафорум өңірлік баспасөз өкілдерінің басын жинап, қазіргі журналистика саласында туындаған мәселелерді талқылауға бағытталған.

 

Галина Воробьева, ҚР Құрметті журналисі:

-Бүгінгі журналистиканың жағдайы мен даму тенденцияларын қарастыру үшін жиналып отырмыз. 4 диалог алаңы болады. Өзекті тақырыптар қарастырылады. Республикалық масс-медиа өкілдері келді. Олар да өз тәжірибелерімен бөлісіп, осы форумның тиісті деңгейде өтуіне үлесін қосады.

 

Бүгінде өңірімізде 70-ке жуық бұқаралық ақпарат құралы жұмыс істейді. Бір қуантарлығы қазіргі таңда қазақ тілді басылымдардың саны артуда. Онымен қоса соңғы 3-4 жылда өңір басылымдары арасындағы бәсекелестік артты дейді жалпыұлттық «Казахстанская правда» газетінің бас редакторының орынбасары Сәбит Малдыбаев.

 

Сәбит Малдыбаев, жалпыұлттық «Казахстанская правда» газетінің бас редакторының орынбасары:

– Менің зерттеуім бойынша, соңғы 3-4 жылда жаңа басылымдар ашылып, бәсекелестік дами түсті. Бұрындары санаулы ғана газеттер болатын. Онда бәсекелестік туралы айтуға да болмайтын. Қазір басылымдардың қатары артып, оқырмандары да көбеюде.

 

Форум барысында мемлекеттік органдар мен журналистердің әріптестік қарым-қатынасы мәселелері де талқыланды. Шараға қатысушылар бұл бағыттағы жұмыстарды әрі қарай дамыта түсу керек деген пікірде.

 

Мағжан Ахмадина