Балалар

Жастар саясаты жөніндегі басқарма биыл атқарылған жұмысты қорытындылауда

 

Бүгінде өңір халқының 27 пайызын жастар құрайды. Дені ауылдық елді мекендерде шоғырланған. 76 мыңы ауылдарда тұрады. Жас келсе іске. Бүгінде белсенді өскелең ұрпақ қозғалысы жанданып келеді. Білімді де жігерлі өрендердің бастауымен 60-тан артық ұйым құрылған. Оның төртеуі биыл ашылыпты.

 

Виктор Молодовский, СҚО жастар саясаты жөніндегі басқарманың басшысы:

– Бүгінде ауыл жастарының белсенділігін арттыруда үлкен жұмыстар қолға алынды. Әр аудан орталықтарында тапқыр жастарды ынталандыратын орталықтар құрылып жатыр. Шалғайдағы елді мекендер де назарсыз қалып жатқан жоқ. Әр ұйым өзіне қарасты барлық ауылдарды қамтуға тырысады.

 

Қашанда тың шаруаның басында жас тұрады. Биыл ғана жастар саясатын жүзеге асыру қамында 2 мыңнан артық өңір азаматының басын қосқан 67 мыңға тарта қоғамдық шара ұйымдастырылыпты. Кәсібі бардың нәсібі болады. Алайда, бүгінде еңбекке жарамды жас қырандардың 3,6 пайызы жұмыссыз қол қусырып отыр. Көбіне өздері құлшыныс танытпайды екен. Ал екі қолға бір күрек табуға ниеттілері діттегендеріне жетіпті.

 

Виктор Молодовский, СҚО жастар саясаты жөніндегі басқарманың басшысы:

– Өткен жылы студенттік еңбек биржасы арқылы 1256 адам жұмысқа орналастырылды. Биыл екі мыңнан артығы еңбекпен қамтылды. 600-і құрылыс жасағында, 328 жасыл ел бойынша маусымдық жұмысқа тартылды. Соңғыларының жалақысына үкіметтен 9,5 млн теңге бөлінді. Жастар тәжірибесінен өту мен қайта оқыту бойынша да жоспар толығымен орындалды.

 

Жалпы биыл өлке жастарының қозғалысына қан жүгіртуге қазынадан 71 млн теңге қарастырылыпты. Алайда бұл шаруа жастардың өңірімізде тұрақтауына кепіл болмауда. Миграцияға себеп сұранысты қанағатандыратын жоғары әлеуетте.

 

Жеңіс Ермұқанов