Сот актілерін орындау департаментінде Ашық есік күні өтті

Қоғам

14:25 10 Желтоксан 2013

“Ашық есік” күні аясында азаматтарды қабылдау таңғы сағат 9-дан бастап жүргізілді. Осы уақыт аралығында сот орындаушыларының әрбірі 10-15 адамға тегін кеңес беріп, проблемаларын шешу жолдарын көрсетті. Мамандардың көмегіне бүгін облыс орталығының тұрғыны Лев Тушнолобов та жүгінді. Ол өзінің танысына автокөлігін қарызға сатып, енді ақшасын ала алмай жүрген көрінеді.

Лев Тушнолобов:

– Борышкер қарызымды бермей жүр. Бұл мәселемен сотқа да шағымдандым. Сот менің пайдама шешілді. Сондықтан осында келіп отырмын. Сот орындаушылары мені толғандырған сұрақтардың бәріне жауап беріп, мәселемді шешуге көмектесетіндіктерін айтты.

Ашық есік күні ай сайын ұйымдастырылады. Бұл күннің өзге күндерден ерекшелігі – халық сот орындаушылардың көмегіне таңғы 9-дан бастап кешкі 6-ға дейін жүгіне алады. Қалған уақытта мұндағы мамандар тұрғындарды тек түске дейін ғана қабылдайды екен.

Нариман Назаров, СҚО сот актілерін орындау жөніндегі департаменттің сот орындаушысы:

– Тұрғындар бізге әр түрлі мәселелер бойынша келеді. Ақшадан бастап, пәтерді босату, азаматтарды жұмысқа қайта орналастыру. Бұл проблемаларды біз соттың шешімінен кейін орындауға міндеттіміз. Ал  өз басым таңертеңнен 10 тұрғынды қабылдадым. Барлығы дерлік борышкерлер.

Бүгінгі шарада департаменттің 6 бөлімінің 30 қызметкері халыққа тегін кеңес берді. Көбі сот шешімінің дер кезінде орындалмауына қатысты арыздарын айтып келген. Жалпы, жыл басынан сот орындаушылардың қарауына 102 865 іс түскен. Оның 47 мыңнан астамы шешімін таппаған.

Бану Ахметова

Бұдан әрі оқыңыз

Өңірде 8 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді
Айналаны ластағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады
“IKomek” орталығының қызметі цифрландырылуда
Аққайың ауданындағы екі мектепке автобус кілті табысталды
Жұма және демалыс күндері дыбыстық хабар таратылады
3 күн ішінде – 74 құқықбұзушылық
Құтқарушылар өзен-көлдерде рейд өткізді
СҚО-да қаңтар-маусымдағы инфляция 4,1% құрады
Тамыз айында қанша күн дем аламыз
Құрбандықты онлайн шалуға 20-дан астам адам өтініш берген
Өңірде көмір тапшылығы жоқ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері тексеріс жұмыстарын жалғастыруда