Спорт

Мұз айдындары жасалып жатыр

 

 

Петропавлда мұз айдындарын құю жұмыстары басталды. Сондай сырғанақтың бірі «Қарасай» стадионыңда құйылады. Келушілерге арналған конькилер қазірдың өзінде сақадай сай. Ерлерге, әйелдерге және балаларға арналған барлығы 218 жұп коньки бар. Жалға беру бағасы өзгеріссіз қалады, яғни ересек адамдарға сағаты 300 теңге, ал балаларға арналған конькилер 200 теңгеден. Мұз айдыны, демалушыларды бейсенбі мен жексенбі күндері аралығында қабылдайды.

 

Әсел Мырзахметова, “Қарасай” ЖСШМ директорының орынбасары:

– Бүгінгі таңда қар төсеу жұмыстары жүріп жатыр. Ертеңнен мұз құя бастаймыз. Мұз айдыны алдағы демалыс күндеріне дейін дайын болады.

 

Қыста қала тұрғындары бос уақыттарын тиімді әрі қызықты етіп өткізу үшін облыс бойынша – 100, қала ішінде 17 мұз айдыны құйылмақ.

 

Дарья Тушина, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы:

– Биыл ауа райы салдарынан мұз айдындарын құю әдеттегіден кеш басталды. Аталмыш жұмыстар желтоқсанның басында басталды. Негізгі мұз айдындары «Қарасай» мен «Жастар» стадионында құйылады.