Мәдениет

Тәуелсіздік мерекесіне арналған фотокөрме

 

Фототілші Амангелді Бекмұратовтың фото түсірумен айналысып жүргеніне 40 жылдан асыпты. Осы уақыт ішінде, фотокамераның объективіне талай дүние, түрлі оқиғалар түскен. Бүгін сол суреттердің үздік дегені көрмеге шығарылды. Фототілші жұмысы ең біріншіден жауапкершілікті, оқиғаның басы-қасында жүріп, ахуалды тез арада бағалай біліп, қажетті кадрды ұстап алуды қажет етеді дейді Амангелді Бекмұратов.

 

Амангелді Бекмұратов, облыстық «Солтүстік Қазақстан» газетінің фототілшісі:

-Тақырыбы сол Президент күніне арналған, өңірге жасаған сапары, халықпен кездескен суреттер салынған.Спорт саласы, диқаншылар, артистер, әншілерді түсірдік, қандай оңды міне мамандықтарды көрсетіп тұрмыз.

 

Өңіріміздің фотосуретшілері қызмет барысында талай оқиғаларға куә болған. Еліміз бен әлемге танымал азаматтарымен кездесіп, ол жүздесуден естелік ретінде суреттер қалдырған. Сол сияқты Елбасының өңірге жасаған сапарлары, жайқалған егістік, қамба басындағы қарбалас тірлік суреттерге мазмұн болған.

Келесі залда фототілші Вадим Мударисовтың суреттері орын тепкен. Фотокамера объективінен шыққан суреттерде Президенттің 2012 жылы “Молпродукт” серіктестігіне жасаған сапары бейнеленген. Ал фототілші Талғат Тәнібаевтың туындылары түрлі жанрды қамтиды. Мысалы мына суретте бақытты балалық шақ көрініс тауыпты.

“Фотокамера обективіндегі Тәуелсіздік” көрмесіне барлығы 66 фототүсірілім шығарылған. Фотосуреттердің көпшілігі 2001-ші 2013-ші жылдар аралығында түсірілген. Көрмедегі туындылармен жыл соңына дейін танысуға болады.

 

 

Бақыт Садуақасов