ТКШ

Жылу есептегіш орнатып, қаржы үнемдеуге болады

 

Интернациональный көшесіндегі 3-ші үйдің тұрғындары жылуды қалай үнемдеу керектігін біледі. Олар жылу есептегіш құралын алғаш рет 15 жыл бұрын қойып алған екен. Ол ескіріп, істен шыққан соң екіншісін бекітеді. Шетелдік аппаратқа “ТКШ жаңғырту” бағдарламасының арқасында қол жеткізген. Құрылғы толығымен автоматтандырылған, мәліметтерді өзі тіркеп, жылуды өзі реттейді.

 

Сергей Николаев,”Аист” ПИК төрағасы:

-Қазан айында біз бір шаршы метр үшін 27 теңгеден төледік. Осылайша, 3 есе үнемдеуге мүмкіндік туды. Жылу есептейтін құрылғылары бар өзге пәтер иелері кооперативтерінің төрағаларынан да сұрадым. Олар да үнемдеп отырғандықтарын айтты.

 

Ал, М.Жұмабаев көшесіндегі 105-ші үйдің тұрғындары жылу есептеуіш құрылғысын биыл ғана орнатыпты. Олар оны “Севказэнерго”АҚ-нан несиеге алғанымызға еш өкінген жоқпыз дейді. Тиімді екеніне көз жеткізгендіктен, енді “Березка” ПИК-гіне қарайтын барлық үйге бекітпекші.

 

Людмила Демидова, “Березка” ПИК төрайымы:

-Бұл құрылғының құны шамамен 500 мың теңге тұрады. Бұған орнату бағасы да кіреді. Қарызды бөліп-бөліп төлеудеміз. Барлығын тұрғындармен келісіп жасадық. Қазір оның дұрыс шешім екенін көріп отырмыз.

 

Жылу есептегіш құрал  Петропавлдағы көппәтерлі 283 үйде бар. Мұндай құралды қоямын дегендер тағы табылып жатса, М.Жұмабаев көшесіндегі 68-ші үй, 3-ші бөлмеге келіп жолығуларына болады.

 

Данаш Хамзина