Бизнес және экономика

Жаңа естелік монеталар айналымға шықты

 

Номиналы 500 теңгелік “Жылқы жылы” сериясымен басылған монета алтыннан жасалған. Бұл алдымыздағы келе жатқан жаңа жыл атауына арналып 3 мың данамен биыл шығарылып отыр. Салмағы 7,8 грамды құрайтын естелік тиынның құны – 75 мың 300 теңге.

 

Ескендір Сүлейменов, “ҚР Ұлттық банк” ММ СҚФ маманы:

-Шығыс күнтізбесі бойынша келесі жылқы жылы болғандықтан. Бізде “Жылқы жылы” сериясына арналған монетаның 999 сынамынан жасалған алтын және 925 сынамындағы күміс қоспасынан жасалған 2 бірдей түрі бар.

 

Жалпы Ұлттық банктің облыстық филиалында осы сынды монеталардың 50-ден астам түрі сатылымға қойылған.

 

Ескендір Сүлейменов, “ҚР Ұлттық банк” ММ СҚОФ маманы:

-Бұл монеталардың бірі “Қазақстанның фауна мен флорасы” сериясына арналған. Күмістен жасалған монетаның сынамы 925. Оның салмағы 24 грамм. Бағасы 8300 теңге. Бет жағында жүзіп бара жатқан итбалықтың бейнесі кескінделген. Ал, сырт жағында алтын жалатылған күннің бейнесі бар.

 

Тұрғындар үшін тағы бір жаңалық. Номиналы 5000 теңгелік үлгідегі 2006 жылғы шыққан банкноталар 2014 жылдың 31 желтоқсанына дейін Ұлттық банктің облыстық филиалында және 2-ші деңгейлі банктерде қабылданады. Ал, 2015 жылы ол айналымнан толығымен алынып тасталады. Ақшаны айырбастауға үлгермегендер оны Ұлттық банктің облыстық филиалына ғана тапсыра алады.

 

Берік Қасен