Қоғам

Петропавлда Қалыңдық үйі қалпына келтірілуде

 

 

 

-Бұл иран тақтайшасы. Өте мықты, 100 тұрды, еш жер бұзылған жоқ.

 

Тарихи баспанадағы ирандық қыш тақтайшалар бәз- баяғы қалпында, төбесі де сыр бермепті. Оған сурет салынған-салынбағаны қалпына келтіру жұмыстары барысында белгілі болады. Үй ішіндегі ерекше көзге түсетіні, ол мына екі алау-ошақ. Пештер алғашқы күйін сақтап қалған. Еменнен жасалған есіктерге де 100 жыл.

Көпес Янгуразовтың үйіне жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Өңірімізде Республикалық маңызы бар архитектуралық тарихи ескерткіштер қатарына енген нысандар саны жетеу. Солардың бірі Қалыңдық үйі. Қалпына келтіру биыл қолға алынып, бұл мақсатқа 61 миллион теңге қаржы бөлінді. Оның 8 миллионы шатырын оңдауға бағытталған болатын. Қазір ол толығымен аяқталды.

 

Людмила Сорокотяга, СҚО мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының бөлім жетекшісі:

-Қазір нысанның тарихы зерттеліп, оның қасбетін қалпына келтіруге қажетті жобалық-сметалық құжат әзірленуде. Ол жұмыстар келер жылы қолға алынады. Нысанды қалпына келтіру баяу, асығудың қажеті жоқ себебі ғимараттың алғашқы күйін бұзбауымыз қажет. Себебі ол тарихи жәдігер.

 

Қалыңдық үйі екі қабатты. Сырт көзге тастан қаланғандай болып көрінеді. Бірақ ағаштан тұрғызылған баспана арнайы сылақпен майланған. 1914 жылы тұрғызылған нысанның ою-өрнектері көп. Оның күйін бұзбастан қалпына келтіруге 10 саусағынан өнер тамған шеберлер қажет. Ол жұмыстарды толығымен аяқтау үшін шамамен үш жыл уақыт кетеді екен.

 

Самат Есмағи