ТКШ

Жер үйлерге су құбырлары тартылуда

 

Бүгінге дейін Букетов көшесіндегі 6-шы үй тұрғындарын су мәселесі мазалап келген-ді. Олар қыс мезгілінде тіршілік көзін көрші шағын ауданнан тасуға мәжбүр болатын. Өйткені жақын маңдағы су колонкасы жиі қатып қалатын. Енді алыстан арбалаған күн артта қалып, ауыз су мәселесі шешімін тапты. Бүгінде тұрғындардың үйлеріне су құбырын тарту жұмыстары жүріп жатыр.

Ал Казахстанская правда көшесінде орналасқан 109-шы үйге су тарту жұмыстары аяқталуға таяп қалды.

 

Нина Маслова, Казахстанская правда көшесі, 109-шы үй тұрғыны:

-Үйімізге таза ауыз су келетін болды. Қуанышымда шек жоқ. «Қызылжар су» ЖШС-не алғысым шексіз!

 

Жаз бойына “Қызылжар су” серіктестігінің мамандары шығыны көп су құдықтарын анықтау жұмыстарын жүргізген. Негізінен 1-2 үйдің тұрғындары ғана пайдаланатындары сушылардың қалтасын қағатын көрінеді. Бұндай баспаналарға су құбырын тікелей үйлеріне тарту тиімді екен.

 

Ержан Күсімбаев, “Қызылжар су” ЖШС-нің сумен қамту кешенінің басшысы:

– Біз бірнеше мекен-жайды анықтадық. Бұл үйлерге суды тікелей тарту тиімді болып отыр. Құбыр орнату жұмыстары кәсіпорын есебінен, тегін жүргізіледі.

 

Алдағы уақытта тағы бірнеше үйге су тартылады деп жоспарланған. Аталмыш шаралар келер жылы да жалғасын таппақ.

 

Нұрбек Нәбиев