Әр түрлі

Қылқанжапырақты ағаштарды қорғау айлығы жарияланды

 

 

Елімізде қылқанжапырақты ағаштарды кесуге тыйым салынған. Сондықтан жыл сайын желтоқсан айында қылқан жапырақтыларды қорғауға бағытталған айлық жарияланады.

 

Қайролла Байтенісов, СҚО табиғи ресурстарды пайдалану бөлімінің бас маманы:

–  Соколов орман шаруашылығының істеп жатқан жұмысы 20 қарашадан бастап,7 пост бар және 11 жедел машинамен жүретін топ бар. Осы шыршаны күзетеді. 20-сы бұйрық шықты, шыршаны сақтау туралы, 31 желтоқсанға дейін осы жұмыс өтеді.

 

Бүгінгі таңда облысымызда 12 мемлекеттік орман шаруашылығы жұмыс істеуде. Әр бөлімшеде мобильдік топтар құрылып, олар өз қарамағындағы аумақты қарауылдауға көшкен. Мемлекет тарапынан қорғалатын аумақтардың бірі “Серебряный бор” мекені. Мұндағы қылқанжапырақты ағаштардың көбісі бір ғасыр жасап қалған екен. Табиғи мекеннің жалпы аумағы 83 гектарды құрайды.

 

Бақыт Сәдуақасов, тілші:

Ағаштарды заңсыз кесу 90-шы жылдары белең алған болатын. Ал 2000 жылдан бастап ағаштарды заңсыз кесу заңмен қорғалатын болды. Сондықтан қарағай ағаштарын кесу заңмен қорғалады.

 

Қылқан жапырақты ағаштың тамырын шабатындар ірі көлемдегі айыппұл төлеуге міндеттеледі. Егер де заң бұзушы бірнеше мәрте ұсталатын болса, қылмыстық жауапкершілікке де тартылады.

 

Мәдина Жұмабаева, Соколов орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі орманшысының көмекшісі:

– Соколов орман шаруашылығы 20 қарашадан бастап мобильдік топтармен шырша ағаштарын қорғау жұмыстарын жүргізіп жатыр. 1 желтоқсаннан бастап стационарлық бекет орнатылды. 1 заңсыз кесілген ағашқа 15 есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

 

Балабақшалар мен мектептерде жаңа жыл мерекесін өткізуге 1088 қылқанжапырақтыны кесуге рұқсат берілген. Ал, өзге жерлестерімізге жаңа жылда жасанды шыршаны қанағат тұтуға тура келеді.

 

Бақыт Сәдуақасов