Білім

Мұғалімдер білімін жетілдіру институтының мерейтойына орайластырылған халықаралық конференция

 

 

Конференцияға қатысушыларға еліміздің әр өңірінен келген білікті ұстаздар білім беру жүйесінде тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану жайында баяндама оқыды. Өңіріміздің модераторы Айсұлу Сәрсенбекова педагог тұлғасын дамыту бағытындағы тәжірибесімен бөліспек.

 

Айсұлу Сәрсенбекова, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ СҚОФ жаттықтырушысы:

– Мен ұсынған әдістің бірі – диалог жүргізу болса, екіншісінде мұғалімдердің сабақ барысын түсіндіруді оңтайландыру жайлы ой бөлісемін. Секцияға 10 адам қатысуда. Тыңдаушыларға тек баяндамалар оқылып қоймай, топпен бірге талдап, жағдаяттарды сараптайтын боламыз.

 

Конференцияға еліміз бен Ресейдің жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысты. ОҚО келген мұғалім Айгүл Болғанова аңыз, өсиет арқылы сабаққа деген қызығушылықты арттыру ең тиімді әдіс дейді.

 

Айгүл Болғанова, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ ОҚОФ аға оқытушысы:

-Жалпы конференцияға өзіміздің білім саласында болып жатқан бетбұрыстар, заманауи технологияны, күнделікті өмір жағдайында ұстаздардың креативті идеялары, тәжірибесімен алмасу мақсатында өзіміздің тың идеяларын алып келген жайымыз бар.

 

Бүгінгі конференцияға 250-ден астам қатысып, 7 секция бойынша жұмыс жасады.

 

Айтбибі Өркенова,“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ СҚОФ директорының орынбасары:

– Бүгін біздің институтымызда ерекше бір күн деп айтуға болады. Өйткені институттың құрылғанына 65 жыл толып отыр. Сол 65 жылдығына арнап институттың халықаралық ғылыми конференциясын өткізіп отырмыз.

 

Үздік материал авторлары “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығының  I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

 

Бақыт Сәдуақасов