Билік

Мамлют ауданы әкімінің брифингі

 

 

Мамлют ауданында ішкі өнім көлемі 1,3 млрд теңгені құрап отыр. Ол 2012 жылмен салыстырғанда 8 пайызға артық. Екі қолға бір күрек таба алмай жүрген 1210 ауыл тұрғыны тұрақты жұмыс орнымен қамтылған. Ауданның агроқұрылымдары да күзгі орақ науқанын табысты аяқтап, қамбаға 185 мың тонна сапалы астық құйған. Владимир Бубенко өзіне қарасты елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуынан хабардар еткен соң, облыстық және республикалық БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді. Әріптесім Ирина Панфилованы аудандағы   шешімін күттірмейтін екі сауал мазалады.

 

Ирина Панфилова,Муниципалдық телеарна тілшісі:

-Чистое және Белое ауылдарына қатынайтын автобус алынып тасталған. Қазір ауыл тұрғындарының облыс орталығына келуі қиынға соғып отыр. Сіз көмек қолын созамын деп уәде беріпсіз, бірақ әлі нәтиже жоқ. Екінші сауалым бұл Леденево мен Бостандыққа қатынайтын жолдардың жағдайы.

 

Владимир Бубенко, Мамлют ауданының әкімі:

Автобус маршруттары бойынша айтатын болсам. Алдыңғы жылы қызмет көрсеткен кәсіпкермен келісімшарт аяқталды. Қаңтарда жаңа тендер жүргізіліп, автобустар қатынамақ. Жол мәселесіне келер болсақ. Леденево ауылына бастайтын жолға биыл ағымдағы жөндеу жүргізіліп, құм төселді. Енді күрделі жөндеуге қаржы қарастырмақпыз. Бостандық бойынша жол жөндеуге қазір жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Ал қыс мезгілдерінде қардан тазалауға бізде техника жеткілікті. Бұл тұрғыда сауал туындамайды деп ойлаймыз.

 

Үдемелі индустриалық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша ауданда атқарылып жатқан жұмыстар легі де журналистер назарынан тыс қалмады. Өйткені мұнда бірде-бір жоба қолға алынбаған екен.

 

Владимир Бубенко, Мамлют ауданының әкімі:

– Рас, аталмыш бағдарламаға аудан әлі қатысқан жоқ.Бірақ бүгінгі таңда дайындық шаралары жүргізіліп жатыр. Жоба құны 800 млн теңгені құрамақ. Инвесторлар қазір Мамлют қаласында жер әзірлеп қойды. Біріншіден онда 10 мың тонна астық сақтауға қауқарлы қойма салынбақ. Екіншіден, қазір мал шаруашылығы қарқынды дамуда, сондықтан төлдерді азықпен қамту маңызды болып отыр.Сол себепті мал азығын дайындайтын зауыттың құрылысы басталды. Тағы да майлы дақылдарды өңдейтін цех салынады деп күтілуде.

 

Қала статусындағы Мамлютканың жағдайы да журналистердің назыранан тыс қалмады.

 

Диана Слинькова, облыстық «Добрый вечер» газетінің тілшісі:

-Мамлютка өңірімізде қала статусы бар төрт кенттің біріне жатады. Жуырда облыс әкімі соларды дамыту жөнінде тапсырма берген болатын. Соған орай қандай шаралар жүргізілуде және оның қала атануы үшін қазір не қажет?

 

Владимир Бубенко,Мамлют ауданының әкімі:

– Мамлюткада 45 екіқабатты үй бар. Сондықтан кәріздік жүйелер құрылысын қолға алу қажет. Су құбырларын үйге тарту жұмыстары 20 пайызға тындырылды. Барлық тұрғындардың аулаларында құдықтар бар. Енді үйде отырып-ақ су тұтынатын болады. 2015-16 жылдары бұл мәселені толығымен біржақты етпекпіз. Абаттандыру шараларын жүргізу қажет. Онымен қоса, жолдарды жөндеу жұмыстарын қолға алдық. Оған аудандық бюджеттен 11 млн теңге бөлінді. Көшелерді жарықтандыру шаралары жалғасуда.

 

Ендігі кезекте тікелей эфирдегі брифинг Ғ.Мүсірепов ауданының әімі Марат Тасмағанбетовтің қатысуымен өтеді.

 

Мағжан Ахмадина