ТКШ

Коммуналдық кәсіпорындар қар тазалауға шықты

 

 

Қыстың көркі қар демекші, соңғы бір-екі күнде ақ ұлпа молынан түсті. Табиғаттың көптен күткен сыйы көліктердің қатынауына қиындық тудырмас үшін қаладағы коммуналдық шаруашылықтар көшелерді аршуға кірісіп кетті. Дәл қазір тазарту шаралары Брусиловский көшесінде жүріп жатыр. Көшені қардан арылтуға “Коммунхоз Петропавл” ЖШС жұмылдырылған. Кәсіпорын Брусиловский көшесіндегі шаруаға 4 техника мен 10-нан аса жұмысшыны тартыпты. Таңғы 8-ден сағат 3-ке дейін қаладан 12 КАМАЗ қар сыртқа шығарылыпты.

Бірінші кезекте орталық және негізгі көшелер қардан тазартылмақ. Қауырт жұмысқа қаладағы 6 коммуналдық шаруашылық жұмылдырылыпты.

Облыс орталығындағы көшелерді қардан тазартуға қалалық бюджеттен 185 млн теңге бөлініпті. Оның 79 млн-ы облыс орталығының жолдарын ақ ұлпадан аршу жұмыстарына бағытталса, тағы 15-і көктайғаққа қарсы арнайы материалдарға жұмсалады. Жолдарға тұз қосылған құм себіліп жатқанымен көктайғақтан зардап шеккендер бар. 3-ші қалалық аурухана дәрігерлерінің көмегіне әр түрлі жарақаттармен 35 солтүстікқазақстандық жүгініпті. Тұрғындардың коммуналдық кәсіпорындардың жұмысына көңілдері толмайтын сияқты.

Бану Ахметова