Әр түрлі

Этносаралық қатынасты басқару

 

 

Мемлекеттік қызметшілерге арналған курстың бүгінгі тақырыбы “Этникааралық қатынасты басқару” деп аталады. Дәрісті 18 адам тыңдауда. Жалпы, бұл тақырыпта мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы 2 жыл қатарынан дәріс оқытуда. Курста сабақ берудің жаңа әдісі қолданылған. Яғни, тыңдаушылар топ болып жұмыс істейді. Дәріс тыңдау үшін мұнда қала мен барлық ауданның мемлекеттік қызметшілері келді. Арасында Жазира Рамазанова да бар. Оның мемлекеттік қызметте жүргеніне 4 жыл болыпты. СҚО қаржы басқармасының бас маманы мұндай курстар біздің біліктілігімізді арттырып, тәжірибе алмасуға таптырмас мүмкіндік дейді.

Орталықта жыл басынан мың жарым мемлекеттік қызметші қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан өткен. Оның 69-ы алғаш рет ауылдық округ әкімі болып тағайындалғандар. 60 тыңдаушы – халықаралық дәрежеге сай курсты меңгерген есепші. Ал дәрісті тыңдаушыларға 130 педагог сабақ берген.

 

Татьяна Лебедева, СҚО әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығының директоры:

– Біз мемлекеттік қызметшілерді 53 тақырып бойынша даярлаймыз. 6-уы биылғы жылдың басында әзірленді. Ол этникааралық қатынасты басқару, коммуникативтік қарым-қатынас, кадрлық қызметтегі персоналды басқару, ауылдық округ  әкімдерін қайта даярлау сияқты дәрістер.

 

Осы күнге дейін ауылдық округ  әкімдері 40 сағат бойы оқытылып келсе, енді дәріс көлемі 2 есеге артпақ. Яғни, 80 сағатты құрайтын болады деп жоспарлануда.

 

Бану Ахметова