Мәдениет

Ермек Қонарбаевты еске алу кеші

 

 

Ермек Қонарбаев әңгіме жазуды мектеп қабырғасынан бастапты. Алғашқы әңгімесі 1959 жылы “Мәдениет және тұрмыс” журналында басылды. Жазушы әңгімелеріне көрген, естіген оқиғаларын, ел тіршілігін, өмір суреттерін, тәлім аларлық жәйттерді арқау еткен. Дарынды тұлғаның өмірі мен қызметін, шығармашылығын оқушыларға жазушының әріптестері және шәкірттері баяндады.

Жазушының көзі тірісінде “Түнгі от”, “Жол басы”, “Тиек” атты кітаптары жарық көрген. Төртінші “Қас қағым сәт” әңгімелер жинағы қаламгер қайтыс болғаннан кейін басылған. Кеште Ермек Қонарбаевтың бұрын жарияланбаған “Ой”, “Ақ қайың”, “Тартады бір күш сол жақтан” атты өлеңдері оқылды.

 

Нұрбек Нәбиев