Салық басқармасы

Жеке тұлғалар үшін көлік салығын төлеу мерзімі желтоқсанның 31-де аяқталады

 

 

Темір тұлпар иелерінің құлағына алтын сырға, көлік салығын төлеу уақыты таяп қалды. Машина үшін төленетін қаржыны жеке тұлғалар 31 желтоқсаннан кешіктірмей өтеуі қажет.

 

Лилия Әбілева,Петропавл қалалық салық басқармасының бас маманы:

-Егер сіз бір жыл ішінде көлігіңізді сатсаңыз, ол жайында міндетті түрде сату және сатып алу шарттарында көрсетілуі тиіс. Өтелген болса, онда сатып алған адам салықты төледі деп есептелінеді.

 

Петропавлда көлігі бар жеке тұлға саны   31 мыңнан асады. Сондықтан салық төлеу міндетім деп санайтындар төлемдерді ертеден өтеген.

 

– Мен көлік салығын тамыз айында төлегенмін. Қарызым жоқ.

-Шілде айында техосморт өткенде салықты төлеп тастағанмын.

 

Белгіленген мерзімде салық өтелмесе, онда жеке тұлғалар төлемеген сомаға өсімпұл салынады.

 

Лилия Әбілева,Петропавл қалалық салық басқармасының бас маманы:

-Өсімпұл салық мерзімінен өтіп кеткен әр күн үшін есептеледі. Салықты төлемеген жағдайда көлік иелері техникалық байқаудан да өте алмайды . Сондықтан жеке тұлғалардың салық өтеуге әлі 25 күннен артық уақыты бар.

 

www.salyk.kz сайтында темір тұлпары бар әр жеке тұлға көлігінің дәрежесі және қозғалтқыш көлеміне байланысты өз салығын есептей алады.

 

Мағжан Ахмадина