Қоғам

Жастар “Нұр Отанның” жаңа саяси доктринасын талқылады

 

Халық қалаулысымен кездесуге бұл жолы шақырылғандар өңіріміздің белсенді жастары. Жиынға арқау болған тақырып – жетекші партияның доктринасы. Оның жүзеге асырылуында өскелең ұрпақтың алар орны ерекше екендігін атап көрсетті сенатор Анатолий Башмаков.

 

Анатолий Башмаков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

-Доктринаны ел жастары зор ынтамен қабылдағанына көз жеткіздік. Басты құжаттың оларды қызықтырған тұстары көп. Негізгілері ұлттық құндылық, мәдениет, ұлтаралық достық пен діни ауызбіршілік. Бұлар еліміз үшін баға жетпес құндылық, жастар осыны жақсы түсінгендігі қуантады.

 

Тәуелсіз Қазақстан 140-тан астам ұлт пен ұлысқа ортақ мекен бола білді. Көпұлтты елімізде тату-тәтті өмір сүрудеміз. Оның барлығы ұлт көшбасшысының салиқалы саясатының арқасы дейді жиынға қатысушылар.

 

Александр Верстаков, адам құқықтарын қадағалау қоғамдық комиссиясының СҚО бойынша төрағасы:

-Нұрсұлтан Назарбаев доктринада қоғамдық секторды оның ішінде әсіресе жастар қозғалысын дамытуды міндеттеген болатын. Себебі еліміздің ертеңі солардың қолында деп атап көрсетті ұлт көшбасшысы. Бұл ретте басты құжатты жүзеге асыруға өз елінің патриотымын деген әр жас атсалысуы керек деп ойлаймын. Ол өзіміздің болашағымыз үшін қажет.

 

Елімізде бейбітшілік нық орнаған, оны дәріптеу өскелең ұрпақтың міндеті. Бұл құндылықтарды кейінгі буын өкілдері айқын түсінеді.

 

Самат Есмағи