Мәдениет

“Революциялар жалынында” көрмесі

 

Бұл көше  өлкеде Кеңес өкіметінің орнауына атсалысқан жерлесіміз Кәрім Сүтішевтің құрметіне 1927 жылы аталған. Сондай-ақ, арада 51 жыл өткеннен кейін аталған көшеде оның ескерткіші пайда болды. Бүгінде жерлесіміздің туғанына 125 жыл толып отыр. Соған орай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында “Революциялар жалынында” атты көрме ұйымдастырылды. Жиналғандар облыстық мемлекеттік мұрағатан алынған материалдардан Кәрім Сүтішевтің жүріп өткен жолымен танысты.

Қоғам қайраткерінің өмірбаяны, қаламыздағы атқарған қызметі және ғылыми еңбектері жұртшылыққа таныстырылды. Ал мұражай сөресінде қоғам қайраткері жайында мұрағат материалдарынан көшірме ұсынылды.

 

Ирина Горбацевич, облыстық өлкетану мұражайының тарихи-экспозициялық бөлімінің маманы:

-Өлкетану мұражайында оқушыларға арнап жерлесіміздің өмірбаяны жайында баяндадық. Көрмеде мұрағаттардан алынған деректер мен дәйектер келтірілді. Алдағы уақытта да оқушыларға көрмені тамашалауларына мүмкіндік бар.

 

Мұражайдағы көрме бір айға жалғаспақ.

 

Бақыт Сәдуақасов