Балалар

Оқушылар Астанаға саяхаттап қайтты

 

Қаламыздың бір топ мектеп оқушысы Тұңғыш Президент күніне орай елордамыз Астанаға барып келді. Саяхат барысында олар бас қаламыздың көрікті жерлерін аралап, Елбасының жұмыс орнын қызықтап қайтты. Сапардан оралған оқушылардың көңіл-күйлері көтеріңкі.

 

Сағындық Төлеухан, № 20 орта мектеп оқушысы:

Біз мектептен елордамыз Астана қаласына бардық. Мен 20 мектепте оқимын. Біздің мектептен 6 оқушы барды. Біз Ханшатырда, Бәйтеректе, қонақүйде демалдық. Бізді Астанаға жібергендеріне мұғалімдерге рахмет.

 

Әйгерім Малкенова, № 26 орта мектептің 9-сынып оқушысы:

Мен Астанаға 2 рет бардым. Маған өте ұнады. Астана өте әдемі қала. Біз Бәйтерек, мешіт тағы да басқа жерлерге бардық.

 

Бас қаланың көрікті жерлерін тамашалап келген балғындардың дені өздерін мектепте жан-жағынан, белсенді көрсеткен оқушылар. Бірі оқуда озат, екіншілері спортта биік дәрежеге қол жеткізгендер дейді Петропавл қаласы білім бөлімінің әдіскері Замзагүл Тұрлыбаева. Сондықтан, оқушыларға сыйлық ретінде Астанаға саяхат ұйымдастырылыпты.

 

Замзагүл Тұрлыбаева, Петропавл қалалық білім бөлімінің әдіскері:

– Бүгінгі таңда Астана қаласында Тұңғыш Президент күніне арналған экскурсиялық бағытта барған 21 оқушы келіп отыр. Олардың көңіл-күйлері жақсы. Жалпы олардың ішінде спорт бағыты бойынша, қоғамдық бағыт бойынша өздерін белсенді көрсетіп жүрген балалар бүгінгі экскурсияға Астанаға барып келді.

 

Алдағы уақытта Тәуелсіздік күні қарсаңында тағы бір топ мектеп оқушысы Астанаға саяхаттамақ.

 

Бақыт Сәдуақасов