Білім

Инновациялық жобалар фестивалі

 

 

Облыста білім беру жүйесіндегі инновациялық идеяларды дамытуды көздеген фестиваль-жәрмеңке өңірде жыл сайын өткізіледі. Биыл сайыс педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтының 65 жылдығына орай ұйымдастырылды. Инновациялық жобалар фестиваль-жәрмеңкесіне қала мен ауданнан келген 37 педагог қатысты. Сайыстың ашылу салтанатынан кейін байқауға қатысушылар 4 секцияға бөлініп, өз жобаларын қорғады. Фестивальде қалалық классикалық гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Гүлзира Уәлиева да бағын сынап отыр. Ұлағатты ұстаз инновациялық жобалар фестиваль-жәрмеңкесіне екінші жыл қатарынан қатысып жүр. Былтыр 1 орынды иемденген мұғалім биыл да жеңіске жетсем деген үмітте.

Аққайың ауданы Смирнов №3 орта мектебінің математика және информатика пәндерінің мұғалімі Әсем-Жұлдыз Баймұқанова да өз жобасын ұсынды. Ол- “ҰБТ дайындауға арналған білім порталы” деп аталады. Ұстаз бұл жобасын дайындау үшін 1 жыл уақыт жұмсапты.

Осымен 9-шы рет өткізіліп отырған инновациялық жобалар фестиваль-жәрмеңкесіне қатысушылардың саны былтырғымен салыстырғанда 2 есеге артып отыр. Сайыс жеңімпаздары 4 секцияға бөлінген педагогтардың арасында анықталып, ақшалай сыйақыға ие болмақ.

 

Бану Ахметова